14.02.2022
347
ЖАЗ
Айналам жайнап,
Құлпырған
Жасыл жер жатты керіліп.
Төрінен көктің күн күліп,
Түрленді бұлттан сейіліп.
Балапандарын асырап,
Құстар жүр алуан түрге енген.
Көзіме оттай басылып,
Құлпырып гүлдер түрленген.
Жағалап барсам көлдерге,
Жатамын сергіп, таң болып.
Көктемгі туған төлдер де,
Марқайып кеткен мал болып.