14.02.2022
  156


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ШАПАН

Туған күнге атамның,
Алып берген шапанын.
Айтқызбастан ешкімге,
Киіп алдым үстіме.
Сəл ұзындау жеңдері,
Иығы да кең келді.
 Əжем оған таңданды,
Ықшамдауға қамданды.
Тиіспеуін тіледім,
Орындалды тілегім.
Өсерімді ескердім,
Шапанымды шешпедім.
Əжем сонда ойланды,
«Ақылдым» деп айналды.





Пікір жазу