14.02.2022
140
АЛАТАУ
Бағыңдағы құстар үнін
Тыңдағым кеп тұрады.
Күлкісіндей достарымның,
Көңілденген бұлағы.
Мəңгі жатқан мұз-қарың-ай!
Еріте алмас күн дағы.
Суретшінің сызғанындай
Сұлу біткен шыңдарың.
Бөктеріне қарай қалсам,
Қарағайлар не түрлі.
Тойға кетіп бара жатқан,
Топ аттылар секілді.