meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  133


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ШАҚАНТАЙ-САБАС

Ел едің егіз, момақан
Шаруаңды білген сабылып.
 Көрші боп бір күн жолаған
Көрісетұғын сағынып.
Ел едің егіз жаралған,
Төрт түлік өрген далаңнан.
Құдірет болып жаралған,
Құрмет көрдің балаңнан.
Өткіздің тағы қай күнді,
Болашақ нұрлы, сенесің.
Қуаныш пенен қайғыны
Қос тізгін етіп келесің.
Ырысты ортақ бөлген Жер
Жолаушыларға бекет боп,
Таяғын ұстап келгендер
Тай мінді,
Тайлақ жетектеп.
Сүйенген сені:
– Тіреу – дер
Астықты қаптап, алды орлап,
Шыбық боп келіп біреулер,
Шынар боп өсіп қалды орнап.
Құбылып күйің тербеген,
Құлпырған күйің – құшағым.
Қуатың көкке өрлеген
Құнарлы неткен құшағың.
Алапат асып жүрсең де
Адамды артық көрмеген,
Жазылмай жатқан жыр сенде,
Жанымды көптен тербеткен.





Пікір жазу