meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  173


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МАҚТА

Ойнап жүрген
Екі бала далада,
Көрді дағы ақша бұлтты қалғыған.
Тұра қалып бір-біріне қарасты,
Түсі өзгеріп ең əуелгі қалпынан.
Шығармастан ойлағанын назардан,
Кішісіне айтты үлкені:
– Тоқташы?
Кеше ғана алып келген базардан,
Əне, апамның
Көрпе істейтін мақтасы.





Пікір жазу