14.02.2022
182
БАСҚА ОЙЫН ОЙНАЙЫҚ
– Бағанадан ойға алып,
Таба алмадым іздеп ем,
«Соғыс ойын» ойнайық,
Командир бол, бізге сен, –
Деді досым қиылып,
(Шын көңілі байқаймын).
«Соғыс» деген қиындық
Əкелгенін айтайын:
Сол сұрапыл жылдары,
Кеткен атам.
Келмеген.
Кейін барған ұлдары,
Олар дағы келмеген!
Осыны айтып кəрі əжем,
Жылап-жылап алатын.
Нағыз соғыс пəле екен,
Ашып тұрған аранын?!
Бейбіт күнде осынау,
Біз де үлкендей ойлайық:
Байқайсың ба,
Досым-ау,
Басқа ойын ойнайық!