meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  184


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚЫСТА

Қар жауды қалыңдап,
Малынды қалың бақ.
Ақ бұлтқа көміліп,
Кеткендей егіндік.
Ақ көрпе жамылып,
Жатқандай шабындық.
Жақын да,
алыс та,
Оранды қамыс та.
Оранды қала да,
Боранды дала да.
Аппақ боп жер үсті,
Барлығы келісті.
Тоңдық деп тұрмаймыз,
Шаңғымен зырлаймыз.
Мұнымен тынбаймыз,
Шанамен зырлаймыз.
Бусанып денеміз,
Коньки де тебеміз.
Ойнаймыз,
күлеміз,
Мəз болып жүреміз.





Пікір жазу