14.02.2022
156
АҚ КӨБЕЛЕК
Бүгін де күндегідей үмітпенен,
Бəйшешекті алаңда жүріп келем.
Ақ көбелек алдымнан кетті ұшып,
Біле алмадым, ол неден үріккенін.
Келген едім мен оны көптен аңдып,
Əудем жерге жібермей жеттім ағып.
Бұлтарып ол ұшқанда
бір жағымнан,
Жем іздеген қарлығаш кетті қағып.
Қала бердім дедім де:
– Қап, бəлем-ай!
Алып ұшқан көңілім сап болғандай!
Өзі неткен қызық құс,
О несі екен,
Басқа жерден еш нəрсе таппағандай?