14.02.2022
  157


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МЕНІҢ АУЫЛЫМ

Ауылым менің тамаша,
Көз тоймайтын қараса.
Ақ күмістей шынары
Əуелеген таласа.
Көшелері іргелі,
Ақ шатырлы үйлері.
Қалған əсем жараса,
Қайың өскен таласа.
 Күншығысы егістік,
Күнбатысы тегістік.
Су жайылған ағылып,
Ана жағы шабындық.
Оң жақтағы қапталы,
Өрік, алма бақтары.
Сол жақталы қапталы,
Ал қызыл гүл шоқтары.
Дəу теректен ойылған,
Орындықтар қойылған.
Сылдырап су ағады,
Құстар қанат қағады.
Ауылым менің тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Демалуға жақсы деп,
Келеді адам таласа.





Пікір жазу