14.02.2022
  107


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖАҚСЫ ЕМ

Басым қатты ауырып,
Келдім үйге жабығып.
(Мейірімін көрсетті,
Ана байғұс қамығып).
Айттым оның себебін,
Аямады көмегін.
Қаймақ қосып,
Бал қатып,
Берді ыстық шай қайнатып.
Басым бірақ қоймады,
Бұдан жəрдем болмады.
Əкем айтты:
– Құлыным,
Жұқа сенің киімің.
 Кидім қалың жейдемді,
Жылытып өңір, кеудемді.
Бұл да жəрдем болмады,
Басым менің қоймады.
– Бұлай жатқан бола ма, –
Деді атам, -
– Далаға .......
Таза ауа жұт, балам,
Ақылымды ұқ, балам.
Қимылдап бір шамалы,
Тазала ашық қораны.
Қара барып малдарды,
Қалай екен халдері...
Жоқ онда еш ерсілік,
Сергисің тез тер шығып.
Атам айтты ақылын,
Сыртқа шықтым ақырын.
Сиыр,
Қойды суғардым,
Терлеу жағын қолға алдым.
Еңбек еттім құлшынып,
Ыстық терім тұр шығып.
Осыдан соң сауықтым,
Жақсы емді тауыппын.





Пікір жазу