14.02.2022
159
ҮЛГІ АЛ
Бір бала бар сөз ұғар,
Мөлдіреген көзі бар.
Ақылыңнан шықпайтын,
Айтқаныңды құптайтын.
«Тағып берсе түймемді,
Ойнап жүрем үйде енді.
Шұлығымды тоқып бер,
Жақсы ертегі оқып бер.
Өсірмеймін тырнақты,
Былғамаймын сырмақты»
Деп жүретін бала бар,
Содан үлгі ал,
Балалар!