14.02.2022
  228


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АҚ ҚОЯННЫҢ СУРЕТІ

Бір сызып ем суретін,
Күшігіме ұқсады.
Бір сызып ем.
Білетін
Мысығыма ұқсады.
Тағы сызып талпындым,
Ұқсамады, болмады.
Бердім бояу əр түрін,
Көңіліме қонбады.
Болсын мейлі ақ қозым,
Болсын лақ.
Білдің бе?
Жасағанша нақ өзін,
Жалықпаймын бір күнде.





Пікір жазу