14.02.2022
  201


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАР ЖАУҒАНДА

Ең алғашқы қар жауды,
Борандатып басылып.
Маңайдағы бар тауды,
Мақтаменен жасырып.
Ауылымызда ақ мамық,
Жамылғандай болыпты.
 Қоян жүрген бақшылық,
Біркелкі ізге толыпты.
Жүгіргені, жүргені,
Отырғаны тұрғаны.
Бəрі де анық тұр енді,
Иландырып бұл маңды.
Ақ лақтай үлкейіп,
Ақ көжегім өсіпті.
Дəу қарақұс жүр төніп,
Аңдып қора, есікті.
Қарақұсқа сенбеймін,
– Құр ұшасың көгімде.
Қоянымды бермеймін,
Мен досымын тегінде





Пікір жазу