14.02.2022
  165


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖАҚСЫ БОЛСАҢ

Жас балауса егін де,
Жоңышқаның көгін де.
Берем сəбіз тағы да,
Жақсы болсаң тегінде.
Сол болса егер керегің,
Айтып əн де беремін.
Саған арнап сайлардан,
Тау бұршағын теремін.
Өзім ғана екем деп,
Əрлі-берлі секеңдеп.
Байлап қойған күшікке,
Барма «қозы екен!» деп.





Пікір жазу