meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  193


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БҮКЕҢ-БҮКЕҢ ЖҮРЕСІҢ

Бүкең-бүкең қағасың,
Жеміңді іздеп табасың.
Қимылыңды қызықтап,
Жамылдым тал саясын.
 Тұрпатыңа күлемін,
Соңыңа еріп жүремін.
Қос құлағың қайшылап,
Тарсылдайды жүрегің.
Көзің кеткен алайып,
(Міне, қызық ғажайып?).
Түсіп қапты бір түймем,
Жүр, екеуміз қарайық?
Бүкең-бүкең жүресің,
Қорғануды білесің.
Жыбырлатып ерніңді,
Неменеге «күлесің»?





Пікір жазу