14.02.2022
  116


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АУЛАДАҒЫ ІЗДЕР

Қар жауып басылды,
Күн шайдай ашылды.
Аулада із деген,
Ондаған .....
Жүздеген....
Борбас пен Көксерек,
Жатыпты шөпке кеп.
Тай менен тайынша,
Кетіпті жайына.
Шібіш пен лақ та,
Барыпты бұлаққа.
Өрелі құла ат та,
Беттепті суатқа.
Біреуі аяңдап,
өтіпті аялдап.
Біреуі тұрыпты,
Айналып жүріпті.
 Қой, ешкі өріпті,
Су ішіп келіпті.
Қораны бұзыпты,
Тайынша шығыпты.
Атам да шығыпты,
Аязға қарай ма?
Əжем де шығыпты,
Ет қойған сарайға.
Пималы,
Етікті
Қақпадан өтіпті.
Арықтан ырғыпты,
Аяғы сырғыпты.
Білемін бұларды,
Көрші үйде тұрады.
Торғайлар ауладан,
Жем іздеп шарлаған.
Мөр табан мысығым,
Кішкентай күшігім,
Секіріп жүріпті,
Бір-бірін қуыпты.
Көз салып іздедім,
Неге жоқ іздерім?
Сөйтсем бұл аулаға,
Шықпаппын мен ғана.





Пікір жазу