meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  226


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАРА БҰЛТ

Ау, қара бұлт,
қара бұлт
Қарап тұрмын қадалып.
Шайдай ашық аспанға,
Қайдан келдің таралып.
Сенің сол бір түсіңнен,
Сұрқайлыкты түсінем.
Тұмшалайсың күн нұрын,
Жек көрем сол үшін мен.
Көз алдымда қарайып,
Тұрмай жоғал,
таралып.
Гүлім тегіс құлпырсын,
Күн нұрынан нəр алып.





Пікір жазу