14.02.2022
504
ДОМБЫРА
Домбырам бар үйімде,
Тұрған құлақ күйінде.
Атам өзі сыйлаған,
Менің туған күніме.
Ағайыма тартқызып,
Əн де қосып айтқызып.
Күй шерткізіп тыңдаймын,
Көңілді ғой мұндай күн.
Домбыра ата көзіндей,
Домбыра ата өзіндей.
Домбырамды сақтаймын,
Мойыл қара көзімдей.