«КОНЦЕРТТІ» СƏТ
Тастады əлем-жəлем үйді гүлдеп,
Тұрғандай құлағыңа күй күмбірлеп.
Төр алдын сахна ғып қойды дағы,
Айтады «Бұлбұл» əнін Бибігүл боп.
Көңілдің айдынына қаз қонады,
Жанарға жадыраған жаз толады.
Роза, Мақпал болып əн «шырқаса»,
Атасы қуаныштан мəз болады.
Басында тақиясы үкіленген,
Самал жоқ алма бетін үфілеген.
Айгерім қылығына
жазылады,
Əжесі басы ауырып үһілеген.
Мұндайда мақтаулар мен əзіл де көп,
– Айгерім қандай жақсы əзиз,ə, – деп.
Ойыншық күйсандығын бебеулетіп,
Ойнайды Жұбанова Ғазиза боп.
Құптаймыз Айгерімнің сəнді кешін,
Титтей боп тигізсе де əнге үлесін.
Кітаптан экран ғып
Əмина боп
Айтады əн туралы «əңгімесін».
Көргенге «концерттерін» азғана біз,
Күлкімен көңіл шалқып мəз боламыз.
Күн күліп үйімізден Айгерім боп,
Осылай кезігеміз жазға нағыз.