14.02.2022
  170


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АЙГЕРІМНІҢ ДОСТАРЫ

– Əселжан «сырқаттанса»,
Дəрі бер, – деп
 Айгерім отырады дəрігер боп.
Медбикесі Томирис ине салып,
Жүреді өстіп,
Өзара əбігер боп.
Сəлден кейін Əселжан түрегеліп,
– Жажылдым мен, – дейді кеп күле беріп.
– Көктем келді мінеки, аулымызға,
Алмаағашын апарып жүр егелік...
Ол да бітті.
Кетті олар сыбырласып.
Бір-бірінен жатқандай сыбыры асып.
Басқалары оқушы.
Ал Айгерім
Мұғалім боп тұр ернін қыбырлатып...
– Қонжық, неге сабаққа кеш келесің?
Сұрай қалсам,
Білмейсің ештемені.
Иə, жарайды...
Қоймайын жаман баға,
Ертең оқып келерсің, беске енді.
Сені бұлай болат деп кім ойлады,
Үндемейсің.
Белгілі кінəң бары.
Сонда əжесі ұршығын қоя салып:
– Тіл қатпауы Қонжықтың ұялғаны, –
Деп күлді де
Жастыққа қырындады.
(Белгілі жай болса да бұрын бəрі).
Жүздеріне ал қызыл арай қонып,
Айгерімдер ақырын жымыңдады.





Пікір жазу