14.02.2022
171
АЙГЕРІМНІҢ ТОМИРИСКЕ АЙТҚАНЫ
Ақ көрпесін тұйықтап,
Əжем жатыр ұйықтап.
Өтінерім тек сенен,
Есікті жап еппенен.
Тағы айтар ақылым,
Сөйле ақырын,
ақырын?!
Тықырлатып еденді,
Жүре берме көп енді.
Тентектікке кіріспе,
Орындыққа тиіспе?
Дабырламай қоялық,
Кетеді əжем оянып?!