14.02.2022
622
Апта
Апта басы – дүйсенбі,
Тауып алдым Дүйсенді.
Екеуіміз қосылып,
Ордық жусан, изенді.
Екінші күн – сейсенбі,
Тауып алдым Сейсенді.
Айтып қызық әңгіме,
Көтерді ол еңсемді.
Апта ортасы – сәрсенбі,
Тауып алдым Сәрсенді.
Екеуіміз ағысқа
Жүзіп бердік қарсы енді.
Төртінші күн – бейсенбі,
Тауып алдым Бейсенді.
Екеуіміз қосылып,
Көп жұмысты еңсердік.
Жұма күні Жұмамен
Сайрандадым, мына мен.
Тау басынан теріп кеп,
Айран іштік жуамен.
Сенбі күні Сенбімен
Ән сап,
Төктім терді мен.
Болу үшін өнерлі,
Ерінбеймін енді мен.
Жетінші күн – жексенбі,
Тауып алдым Жексенді.
Жүріп жатқан өзенде
Қызықтадық көк сеңді.
Байқасаңдар, балалар,
Қойған ата-аналар
Күн атымен аталған
Бізде талай бала бар.
Соған құлақ түріңдер,
Еске сақтап жүріңдер:
Бір аптаны құрайтын
Жеті күнді біліңдер.