14.02.2022
  1148


Автор: Абдрахман Асылбек

Құрылысшы

Елден алғыс алатын
Өскен кезде ер болам.
Сәнді үйлер салатын
Құрылысшы мен болам.
Үйлерімнің үнемі
Биіктейді еңсесі.
Мектебіміз – біреуі
Бірі – колхоз кеңсесі.
Жиі-жиі келетін
Жұртқа толы маңайы.
Бірі – ойын көретін
Мәдениет сарайы.
Үйлерім көп орасан,
Біреуінен бірі артық.
Тамашалай қарасаң,
Көз алмайсың құмартып.
Қалада да,
Далада
Сап түзесе сан үйлер,
Қуанады бар ана,
Қуанады сәбилер.


 





Комментарии

Диана Тлекова
Диана Тлекова 14.02.2023 22:15
Мен түсінбедім неге мамандықтарға алғыс айту туралы тақпақтар жоқ?

Пікір жазу