14.02.2022
171
Тойлайық
Сен келгенде өмірге,
Бақ жанды деп ойладық.
Күй күмбірлеп көңілде,
Думандатып тойладық.
Сен толғанда бір жасқа,
Жатпадық көп ойланып,
Құрбы менен құрдасқа
Тағы да біз тойладық.
Сен жетіге толғанда,
Есейді деп ойладық.
Мектепке алғаш барғанда,
Тағы да біз тойладық.
Білім беріп мектебің,
Аттестат та аларсың.
Қырандайын көктегі
Қомдап қанат қағарсың.
Мақсат қуып сен әрі,
Институтқа да барарсың.
Көретінің көп әлі,
Сан сырларға қанарсың.
Саналы да білімді
Болуыңды ойлармыз.
Сенің туған күніңді
Сонда жұрт боп тойлармыз.