14.02.2022
  159


Автор: Абдрахман Асылбек

Таңым тамаша

Тамылжыған табиғат
Ұйқысынан оянып,
Алтын нұрмен әр үй, бақ
Шыға келді боянып.
Тербетеді тоғайды
Жыршы құстар жырымен.
Жадыратты маңайды
Тамылжыған үнімен.
Таңым қандай тамаша,
Күлімдейді көкте күн!
Мейірімді анаша
Қарсы алады мектебім.





Пікір жазу