14.02.2022
166
Бөдене әні
Жаз айы жайдары,
Шуақты күнменен.
Ауылдың аймағы
Толғанда қыр-белең,
Сайрайды бөдене
Тамаша үнменен.
Қайырмасы:
Бытпылдық, бытпылдық,
Шырқай ұшып тынбаймыз.
Бытпылдық, бытпылдық,
Жаз қызығын жырлаймыз.
Алқапта алтын дән,
Толықсып толады.
Шілдеде шалқып ән,
Ел егін орады.
Бөдене қырманға
Жақын кеп қонады.
Береке бұл маңда,
Мереке болады.