meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  204


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АЙГЕРІМ МЕН ТОМИРИС

Айгерім үлкенмін деп қарамайды,
Томирис кішімін деп санамайды.
Бүрленіп бір бұтақтан егіз гүлдей,
Екеуі бөлінуді қаламайды.
Біріне екіншісі етене өскен,
Құшақтап қуыршағын жетелескен.
Ойынға араласқан кездерінде,
Сəттері өкпелескен кетеді естен.
Береді анасына қол ұшын кеп,
Екеуін жақсы көрдік сол үшін көп.
Екеуі түсі бірдей көйлек киіп,
Жүреді бір алмұртты бөлісіп жеп.
1 Халық суретшісі Айша Ғалымбаева





Пікір жазу