ТАЛАП
Ақ сауытта əртүрлі гүл шоқтары,
Айгерім кеп, айналсоқтап тоқтады.
Алды дағы бояу қарындаштарын,
Ақ қағазға салуға оны оқталды.
Бір сызғаны
қу сояуға ұқсады,
Тағы сызды.
Келмеді ол тұспалы.
Қалай дағы сол гүлдердің суретін,
Сызуға оның арта түсті құштары.
Күнұзаққа отырды да ерінбей,
Сызды,
Өшірді артық кеткен жерін кей.
Кəмпиті тұр қағазынан аршылып,
Бір тістелген
тұр алмасы желінбей.
Гүл суреті орнады əбден ойына,
Көрші қыздар шақырса да ойынғаСол орнынан қозғалмастан отырды,
Гүл бейнесін салып шығу ойында.
Бұл талабын білген дейсің бұрын кім?
Уыз өңге орнатқандай нұрын күн.
Қара көзін ұялатып қағазға,
Анда-санда тартып қояды мұрынын.
Ажыратты бояу түсін танып тез,
Гүл бейнесін болмаса да салып лез.
Бауырсақтай танауының үстінде,
Тер мөлдіреп көрінеді балық көз.
Сызды,
Өшірді....
Демін алып жатпады.
Гүл,
Қарындаш,
Қағаз болды баққаны.
– Болашақта болады əлі Айшадай1
, –
Деп əжесі немересін мақтады.
Сызып жатыр...
Өз əлінше анықтай,
Шындығында
құр шимайлау қанық жай.
Бəрінен де Айгерімнің
осылай,
Талпынуы қандай жақсы жалықпай.