14.02.2022
182
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Бөбектер жыры
Оянамыз таң нұрымен,
Аттанамыз бақшаға.
Қарсы алады ән-жырымен
Бақшамызда жақсы ана.
Қайырмасы
Қызғалдақтай гүл жайнаған
Бақшамызға қараңыз.
Бірге жүріп, бірге ойнаған
Біз бақытты баламыз.
Кешке дейін еңбек етіп,
Келгенінше анамыз,
Біз де үйден ертелетіп
Бақшамызға барамыз.
Қайырмасы:
Қызғалдақтай гүл жайнаған
Бақшамызға қараңыз.
Бірге жүріп, бірге ойнаған
Біз бақытты баламыз.