14.02.2022
129
АЙГЕРІМНІҢ ҚУЫРШАҒЫНА АЙТҚАНЫ
Қуыршағым сені жақсы көремін,
Шаштарыңды күнде тарап, өремін.
Қалтамдағы əжем берген кəмпиттің,
Барлығын да саған ғана беремін.
Үндемейсің.
Қараймын оң-солыңнан,
Көтеремін «əуп» деп екі қолыңнан.
Тұрсаң егер өздігіңнен жатпайсың,
Жатсаң неге, тұра алмайсың орныңнан?
Жəрдем берем.
Қаз басасың, аттайсың,
«Жүрмеймін» деп,
«Тұрмаймын» деп айтпайсың.
Сондай тəтті болса дағы кəмпитім,
Аузыңа сап дəмін оның татпайсың.
Түнде жатқан жастығыңды жимайсың,
Ақыл айтсам, айтқанымды қылмайсың.
Сонда дағы қуыршағым өзіңді,
Жаман «бөпе» деп айтуға қимаймын.