meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  243


Автор: Абдрахман Асылбек

Айнат

Жеті жасқа жеткенің –
Бір белестен өткенің.
Құшақ жайып қарсы алар
Мейірбанды мектебің.
Жеті жасқа жеткенің –
Ұлы сапар шеккенің.
Аян әлі бұл жолда
Талай терді төкпегің.
Жеті жасқа жеткенің –
Еркеліктен кеткенің.
Тек жақсылық жар болып,
Өркен жайып көктегін.





Пікір жазу