14.02.2022
190
Солдат сәлемі
Туған жерден жырақта
Ауылды аңсап жатырмыз.
Бұл күндері, бірақ та,
Бала емеспіз, батырмыз.
Күзетеміз ананы,
Шат күлкісін сәбидің.
Күзетеміз қаланы,
Тыныштығын әр үйдің...
Біз – Отанның мақтаны,
Біз – Отанның тірегі.
Жауынгерміз саптағы,
Ел деп соққан жүрегі.