14.02.2022
  213


Автор: Абдрахман Асылбек

Мұрап

Жаздың жібек самалы
Масақтарды тербейді.
Шөлдесе егін шамалы,
«Маған сусын бер», – дейді.
Су жіберсе бөгелмей,
Мұрап ағам асыға,
«Рақмет!» – дегендей,
Толқиды егін бас ұра.





Пікір жазу