14.02.2022
  183


Автор: Абдрахман Асылбек

Май келді

Көктем келді,
Май келді,
Мамыражай ай келді.
Тал-теректер түрленіп,
Жапырағын жайды енді.
Алма ағаштар гүл ашты,
Алуан түстер ұласты.
Гүлден-гүлге қонақтап,
Көбелектер қыр асты.





Пікір жазу