14.02.2022
  125


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТІРІ МЫСЫҚ

Аю,
Маймыл,
Күшікті,
Ақбақайдай мысықты,
Қоян,
Қозы, түйені,
Машинаға тиеді.
Шопыр болып сайланып,
Жүгірді Айгерім айналып.
Машинасы зырлады,
Бір орында тұрмады.
Осы кезде Ақбақай,
Өз тəртібін сақтамай.
Аюлардан айырылмай,
Отырмады маймылдай.
Акробат секілді,
Машинадан секірді.
«Сүтті берсем ішесің,
Неге отырмай, түсесің?
Артықсың ба басқадан
 Сені бұлай тастаман», –
Деп алды да арқадан,
Отырғызды қайтадан.
«Жүк» машина зырлады,
Бір орында тұрмады.
Болмаған соң дегені,
Мысық тағы жөнелді.
Өйткені,
ол тірі еді,
Өздігінен жүреді.





Пікір жазу