meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  170


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАР ЖАУҒАНДА

Қыстың күні.
Қар жауып тұр себелеп,
Қар жауып тұр, қапалақтап керемет.
Көрді тағы терезеден Айгерім,
Деді:
«Қандай көшеде көп көбелек»!
Анасы оған күлімсіреп қарады,
Айгерімнің шытылды сəл қабағы.
Сары аязды еске алғанда бал бөбек,
«Тоңады-ау», – деп «көбелекті» аяды.





Пікір жазу