meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  175


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КІШКЕНТАЙ ДИЯШ

Сүп-сүйкімді көрініп,
(Көріп пе едің мұндайды).
Айтқан əнге беріліп,
Басын шайқап тыңдайды.
Мұндай батыр бола ма?
(Таңдандырмас ешкімді).
Үрген итке далада,
Үйде отырып сес қылды.
 Тілі қызық екені,
Белгілі ғой бəріңе.
Суреттегі бөпені,
Ойнатам деп əуре.
Көрген кезде көкесін,
Күлімдеуі ұнайды.
Үйіндегі бөпесін,
Үйіме кеп сұрайды.





Пікір жазу