14.02.2022
144
АЙНА АЛДЫНДА
Кеңес беріп талайға,
Жүзін көрген арайлы.
Қарсы алдыңда шарайна,
Тұра қалып қарайды.
Тұрмады ол жасқанып,
Өң қосам деп көркіне.
Бояу қарындашты алып,
Бояды кеп еркінше ...
Жақты келіп бояуды,
Ерінге де,
Бетке де ...
Беті-аузы боялды,
Қараға да, көкке де.
Мынау кімнің қатесі?
(Сақтап тұрып беделін)
Мұны көрген тəтесі,
Білмей қалды не дерін.