14.02.2022
  167


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

СЕН ҚОРҒАУШЫ БОЛАСЫҢ

Қанат қағып өмірге,
Медет болып көңілге.
Алаңы ғып аяқдоп,
Асыр салдың төрімде.
Сен қорғаушы боласың,
Əр күн сайын толасың.
 Доп тебесің тынымсыз,
Мен қақпашы боламын.
Дияшым-ау!
Күн, Айым
Қуат берсін құдайым!
Ұстап алсам добыңды,
Қоя бер деп жылайсың.





Пікір жазу