14.02.2022
  143


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ДИЯШЫМ МЕНІҢ, ДИЯШЫМ

Дияшым менің, Дияшым,
Қуанышқа ұясың.
Əлдилесем айдын ғып,
Алақанға сиясың.
Аталайсың елпектеп,
Апалайсың еңбектеп.
Кес-кестейсің алдымды,
Кетіп жүрме тентек боп.
Көңілімдегі шырыным,
Көгалдағы құлыным.
Бақыт болдың үйіме,
Балдан тəтті қылығың.
Дияшым менің, Дияшым,
Жаныма жырды құясың.
Шаршап келген кезімде,
Тынығатын ұясың.
Айтатұғын дара əнім,
Сенсіз жерде алаңмын.
Бір иіскетсең маңдайдан,
Бір айдай демаламын.





Пікір жазу