14.02.2022
134
Санамақ - ҮШІНШІ ЖАТТЫҒУ
Жиырмаға –
Екі жазсаң
Соңы нөл.
Жиырма бірге,
Бірге екінің соңын бер.
Жиырма екіге –
Екіні екі қайтала.
Жиырма үшке –
Екіден соң,
Үшті жазып қатарла.
Жиырма төртке –
Екіден соң,
Төртті қой.
Жиырма беске –
Екіден соң,
Бесті қой.
Жиырма алтыға,
Алты алдына
Екі жаз.
Жиырма жетіге –
Екіден соң,
Жеті жаз.
Жиырма сегіз –
Екіден соң,
Сегіз қой.
Жиырма тоғыз –
Екіден соң,
Тоғыз қой.