14.02.2022
  229


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ОТАН

Отан деген тауларым асқаралы,
Байтақ далам!
Жазылар дастан əлі.
Отан деген Егемен Қазақстан,
Оны бір-ақ Президент басқарады.
Отан деген туған жер – аспан əні,
Қуанышқа бөлеген баспананы.
Отан деген өзімнің күнделікті,
Отыратын орнымнан басталады.
* * *
Еркіндікті күттік қанша ғасырдан,
Ұрпақ үшін ектік жерге асыл дəн.
Қарғаадым жер қадам басу мұң болды,
Қара боран талай соғып басылған.
Қасиетімен қазағымның
БостандықТөрге шықты...
Ұқты Бізді дос танып.
Егемендік туы аспанда желбіреп,
Сұқтанған жау сұрланды өзі бос қалып.
Туым менің кең аспаннан алынған,
Шексіздіктің бояуына малынған.
Қыран құсым батылдықтың белгісі,
Күнім менің жаратылған жалыннан.
Бостандығым салтанатын құрғандай,
Келбетінде керемет бір жыр бардай.
Еркіндігім көк туым боп желбіреп,
Елдігімді мақтаныш қып тұрғандай.





Пікір жазу