14.02.2022
  123


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АВТОБУСТА КЕЗДЕСКЕН МОҢҒОЛ ҚАРТЫ

Қан базарда жүргендей,
Қағып соқты ел бір-бірін.
Осы əдетті білгендей,
Орын алдым күн бұрын.
Отыр едім жайланып,
Байырқалап маңыма.
Моңғол қарты ойланып,
Келіп тұрды жаныма.
Киімінен таныдым,
Оның моңғол екенін.
Қиналғанын жанының,
Сұрап оны не етемін.
Орын бердім түрегеп,
Бұл ісіме таңданды.
Екендігін бұл əдеп,
Отырғандар аңғарды.
Жүрдік алыс сол бетпен
Жолда қиын қайқаң,
құз....
Келгенімді Советтен,
Кейін біліп айтты алғыс.





Пікір жазу