14.02.2022
  132


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МЕКЕНІНЕ ҚАЙТПАЙ ҚАЛҒАН БҰЛБҰЛ

Қараша өтіп,
Қаңтарда заңды кезек кеп,
Тұрған кезде анау, аяздан
Аяздан, адам безектеп,
Бір бұлбұл байғұс,
Бүрісіп ұшып əзер жүр
Бұралқы иттер мен балаларға безек боп.
Көрінді одан суық торғайлар семіз боп,
(Өйткені, олар
Талғамайды əсте жер іздеп).
Кез болар ма екен,
Қаңғыған аш мысыққа,
Қалжаурап бір жүргенінде жем іздеп.
 Дуалға,
Тамға,
Талға да тағы қонды кеп,
Дудырап жүні
Таппады байыз, тоңды көп.
Бұрқырап бұршақ
Соққандай есеңгіредің,
Бұлбұлым байғұс,
Болмады күйің оңды боп.
Мойыны жасыл,
Ал күрең бауыр сұлу құс!
Халіңді көріп,
Түстім бір жайға тынымсыз.
Көктемсіз,
Жасыл гүл бақсыз,
Қалайша ұшып,
Қалайша сайрап,
Сүрмексің өмір жылусыз.
Қалтырап жүріп,
Жасайсың ба əлде сенбестік.
Ұшасың үркіп,
Етсе де сонша ел достық.
Осындай мүшкіл халдерге душар боласың,
Өзіңе керек Өмірге
Жасайтын болсаң селқостық.





Пікір жазу