14.02.2022
250
САҒЫНДЫМ, ДОСЫМ
(Ақселеуге)
Сұңғақ бой, сұлу тұлға көзімде,
Бірге жүріп берілуші ек сезімге.
Ойың сенің бойыңнан да жоғары,
Сенуші едім, сенуші едім сөзіңе.
Бал таматын сөйлегенде тіліңнен,
Мына əлемнен көрінетін ділің кең.
Əр сөйлемнің əр сөзінен қазақтың
Қасиетті рухтары білінген.
Үнің де бар шырқалатын өр үнмен,
Айдындалған толқын алған көлінен.
Ақселеу деп аталатын атыңнан,
Жаңаарқаның дарқандығы көрінген!
Бара алмадым сенің туған аулыңа,
Шыққан кезде Бұғылының тауына.
Күндей күліп Сəкен ақын жүретін,
Бара алмадым Иманақтың саурына.
Қайырмасы:
Сағындым, досым,
Қиналып жүрмін.
Сағындым сені.
Самсаған орман-
Аңсаған жырым.