14.02.2022
208
ЖЕТІСУ ЖЫРЫ
Жер сұлуы жауын алған жанардың,
Жетісуым қалай саған қанармын?
Сенің сеңгір биігіңе сермелді,
Қаршығаның қанатындай қаламым.
Тəжісіндей байтақ жатқан даламның,
Жетісуым бақтарың да бар Əнім.
Жетесі жоқ жексұрынға атылған,
Желқанатты жебедейін балаңмын.
Сенен шықты Алтын Адам аңызы,
Күллі əлемді күндей бөлеп маңызы.
Көкшетеңіз Көктəңірі секілді,
Жеті өзен «Жетіжарғы» тəрізді.
Биіктікті бір өзіне алғандай,
Таулары-ай,
Асқақтаған армандай!
Қырандар да қонақтайды төмендеп,
Ұша-ұша қанаттары талғандай.