meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  166


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҰШҚАРА

(Көзі суқараңғы азамат)
Ұшқара сенің атың алпамсадай,
Айналған мол тұлғаңнан жалған қалай.
Қиядан шала туған қыран көзің
Қайрылып қанатынан қалған қалай.
Келгендей көрінесің жыр елінен,
Сөздерің төгілгендей жүрегіңнен.
Ұшқара,
Арқадағы ұлы Мəди.
Айтатын əндеріңнің біреуі ме ең.
Тарихқа таңдап берген қазақ көрік,
(Қойғаны-ай, көздеріңе азап беріп).
Бөртенің сіңлісін ап бөртіп жүрсің,
Батырға Тимошиндей бажа болып.
Ер мінез, ерен тұлға жанысым-ай,
Тік өскен ертегінің қамысындай.
Құлжаны қожыр тастан бас салатын,
Қоңыр аю сияқты барысым-ай.





Пікір жазу