14.02.2022
  138


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТҰРМЫС ТОЛҒАУЫ - ЖЕТІНШІ ЖЫР

(Ғылымбек пен Нұрланға)
Екеуің екі көзімсің,
Ертеңгі күнді көретін.
Екеуің дағы өзімсің
Ауырлықтарға көнетін.
Екеуің екі қолымсың,
Ту менен гүлді көтерген.
Сол жағым менен оңымсың,
Сақтайтын бөгде, бөтеннен.
Екеуің екі биігім,
Арманым болып өтелген.
Екеуің екі иығым,
Ауырлықтарды көтерген.
Бекерге қарап тұрмастан,
Қанаттарымды жаямын.
Шаңғымды алға зырлатқан,
Екеуің екі таяғым.
Шығармын жеңіл, ауыр да,
(Тасырмын көмір,
Кендер де).
Болат жолсың бауырым да,
Пойызбын сенген
Сендерге. 2011 жыл, ақпан.
Аягөз – Алматы





Пікір жазу