14.02.2022
  137


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТҰРМЫС ТОЛҒАУЫ - АЛТЫНШЫ ЖЫР

Ардағым-ау!
Ардағым,
Ардағым-ау!
Өлеңіме даусымды жалғадым-ау.
Қоңыр киік секілді қарындасым.
Сая тапқан ішінен алмалы бау.
Сүйкімдісің ұлардың баласындай,
Сүйкімді ғып тұратын қанатыңда ай.
Айналайын əкешің бар кезіңде,
Болғаны жоқ қанатың талатындай.
Атады əлі шығыстан есіл таңым,
Таңдамайды қазақтың еш ұрпағын.
Шалқарұлы əкеңдей бола алмаймын,
 Шалқарұлы болсам да
Кешір, жаным!
Ақылың бар бір адам ақылындай,
Ардақ десе, Ардақсың жақыным-ай!
Еске алдырып Əсеттің əсем əнін,
Неткен ғажап əсерлі атың мұндай.





Пікір жазу