14.02.2022
  159


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БАРЛЫҚ ТАУЫ БАУЫРЫ

Кекілденген кер бетеге көсілген,
Керім белдер көз ұшында көсілген.
Қалыпты-ау, бұл өңірге арылмастай əжімсіз,
Қайтқан құстай тізілген ел көшінен.
Ор жусан мен боз бұйырғын өсірген,
Оймауыт жер көз ұшында көсілген.
Біреулердің əкесіне орнатылса ескерткіш,
Біреулердің кіндіктері осы өңірде кесілген.
Оралса іңір машинадан таң ұшқан,
Орағытып толқынданып таныс əн.
Қоңыр жонда қоныстанған қойшылар,
Ақ сағым боп шақырады алыстан.
 Көздерімнің қарасы мен ағы бар,
Көрмей кетсем бұл өлкені сағынам.
Таяқ алған қарттарында – əкемнің,
Жастарында менің балғын шағым бар.





Пікір жазу